Астанада "Ш" белгісін тақпаған жүргізушілерге тек ескерту жасалады

881

Астанада "Ш" белгісін тақпаған жүргізушілерге тек ескерту жасалады

Бүгін халықпен кездескен Астана қаласы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев қоластындағы қызметкерлер Астана қаласында "Ш" деген белгіні тақпаған бір де бір жүргізушіге айыппұл салмайтынын айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Ш" белгісін тақпаған жүргізушілерге айыппұл салынбасын деген тапсырма берілді. Яғни, біздің патрульдік полиция "Ш" белгісін тақпаған жүргізушілерге айыппұл салмайды. Тек тоқтатып, ескерту жасайды. Біздің ата-аналарымыз  Кеңес үкіметі кезінен сол белгіге үйреніп қалған ғой. Бірақ, əрбір адам өз қауіпсіздігі үшін өзі жауап берсе, көлігінің доңғалағында бүрі болса, белгіні тағып алса жөн болар", – деді Б.Малыбаев.

Айта кетейік, ЖПҚ (жергілікті полиция қызметі) учаскелік полиция инспекторлары бөлімшелерінен, кәмелетке толмағандар істері, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерден, жол-патрульдік полициясынан, табиғатты қорғау полициясынан, қабылдау-бөлу орындарынан және арнаулы қабылдау орындарынан тұрады және ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу