Астанада "Жасөспірім" шарасының үш күнінде 74 хаттама толтырылды

1551

Астанада "Жасөспірім" шарасының үш күнінде 74 хаттама толтырылды

Үш күннің ішінде ювеналдық полиция инспекторлары ҚР ӘҚБК 442-бап бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) 74 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Балалардың ұсақ бұзақылық жасаған 12 дерегі анықталды. ҚР ӘҚБК 132-бабы "Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы" бойынша 4 құқық бұзушылық анықталды. Астана қаласы ІІД ақпаратына сәйкес, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 16 жасөспірім орналастырылды.

Шара қарашаның 1-інен 11-іне дейін жалғасады.

Жедел-алдын алу шарасына қатысушылар жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алумен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауатын арттырып, балаларды құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға тартатын ересектерді анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу