Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, Гастелло көшесі арқылы өтетін Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы ("бүкір көпір") эстакаданың деформациалық қоспасында ақауларды жою үшін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп жазады astana.gov.kz.
Осыған байланысты, ақпан айының 24-і мен 25-і күндері Ш. Уәлиханов көшесінің алдында эстакаданың қозғалыс бөлігі бөлшектеп жабылатын болады.
Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу