Дәрігер қабылдауына Smart Astana арқылы жазылуға болады

821

Дәрігер қабылдауына Smart Astana арқылы жазылуға болады

Smart Astana қосымшасы арқылы астаналықтар дәрігердің қабылдауына жазыла алады. Сондай-ақ қосымша арқылы дәрігерді үйге шақыру мүмкіндігі бар. Бұл туралы Астана Innovations басқарма төрғасы Олжас Сартаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды elorda.info7

"Қаланың барлық медициналық ұйымдарында барлық жұмысты электронды форматқа көшіруге мүмкіндік беретін медициналық ақпараттық жүйелер енгізілді. Бұл емханалардың ішкі жүйесін Smart Astana мобильді қосымшасымен  әрі қарай интеграциялауға мүмкіндік берді және "дәрігердің қабылдауына жазылу", "дәрігерді үйге шақыру" қызметтерін ұсынды. Яғни Smart Astana қосымшасын пайдаланған әрбір тұрғын үйден шықпай-ақ кез келген дәрігердің қабылдауына жазылып немесе маманды үйіне шақыра алады. Ыңғайлы емес пе?", - деп жазды Сартаев.

Бұған қоса, ол мемлекеттік қызметтің аталған екі түрі елордалықтардың арасында ең танымал екенін атап өтті.

"2017 жылы  қала тұрғындары дәрігердің қабылдауына 1 450 000 рет жазылған, сондай-ақ 226 000 рет дәрігерді үйге шақырған. Сонымен бірге call-орталыққа түсетін әр қоңырау орта есеппен 4-тен 10 минутқа дейін уақыт алады. Бұның бәрі тұрғындарға ыңғайсыздық туындатты. Сall-орталықтың "үнемі бос болмайтын" желісіне түсетін қоңырауларды азайту үшін Smart Astana мобильді қосымшасына аталған екі қызметті іске қосылды", - деді ол.

Сонымен бірге, басқарма төрағасы дәрігердің қабылдауына қалыптасқан ескі әдіспен жазыламын дегендер емханалардың тіркеу бөліміне қоңырау шалып жазыла алады, деді.

"Әрине, мобильді қосымша арқылы жазылу ыңғайсыз болса тіркеу бөліміне қоңырау шалып жазыла алады. Бірақ қосымшамен тез болмақ, себебі, смартфон үнемі жаныңызда", - деді Астана Innovations басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу