Атырау облысында "7-20-25" бағдарламасы арқылы 10 отбасы пəтер алды

1387

2018 жылы облыста 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, биылғы жылы 34 үй пайдалануға беріледі. 

Атырау облысында "7-20-25" бағдарламасы арқылы 10 отбасы пəтер алды

"7-20-25" бағдарламасының бір ай жұмыс қорытындысы бойынша 10 отбасы ипотекалық қарыз алып, пəтер иелері атанды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұлттық банктің Атырау филиалы директорының міндетін атқарушы Серік Омаровтың айтуынша, осы бағдарлама аясында екінші деңгейдегі 7 банк жұмыс істейді. Бүгінгі күні Центр кредит банкі ипотекалық несие беруді бастады, Еуразиялық банк, АТФ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Халық банкі, РБК банкі және Цеснабанк тамыз айының сонында несие беруді бастайды.

Айта кетсек, 2018 жылы облыста 3892 пәтерлік 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, биылғы жылы 34 үй пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 үй салынса, қалғаны аудандарда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу