Атырау облысында "Нұрлы жер" бойынша 80 гектарға біртектес үйлер салынады

915

Атырау облысында "Нұрлы жер" бойынша 80 гектарға біртектес үйлер салынады

Атырау облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 480 гектар жер дайын тұр. Бұл туралы аталған өңірдің әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі таңда "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 497 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38 пайызға артық. Жалпы, құрылыс жұмыстарының көлемі 395 млрд теңгені құрады",-деді облыс әкімі Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімдік мәліметінше, "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жалпы ауданы 135,6 мың шаршы метр 675 пәтерлік 13 үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар ауданы 92,3 мың шаршы метр болатын 1 332 пәтерлі 24 несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

"Бағдарламада қарастырылған барлық бағыттар бойынша жұмыстар атқарылуда. Бүгінде инфрақұрылымы тартылған 480 гектар дайын тұр және 80 гектарда біртектес үйлер салу шешімі қабылданды",-деді Нұрлан Ноғаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу