Бүгін Атырау мұнай және газ университетінде құны 76 миллион теңге тұратын виртуалды кен орыны зертханасының таныстырылымы болды,
Заманауи құрылғылармен жабдықталған зертхананың ерекшелігі мұнда студенттер аудиторлық, дәріс беру, қашықтықтан оқыту және 3D арқылы тәжірибелік сабақтардан өтеді, деп жазады atpress.kz.
Бұл жерде үйренуші қолына ұстаған пульт арқылы барғысы керген жеріне барып, білгісі келген затымен етене таныса алады. 3D қызметі арқылы студенттерге тапсырмалар беріледі. Бұл кезеңнен өткендер келесі виртуалды стендтерге барып, өз қолымен жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Кәдімгі қызмет орынында тәжірибеде жүргендей.
"Зертханада студенттер екінші курстан бастап оқиды. Барлығын жақсы үлгеріммен аяқтаған білімді студенттер дуалдық оқыту жүйесіне көшеді. Яғни, 15 күн дәрісін алып, он бес күн кәсіпорындарда еңбек етеді. Бұл кәдімгі дайын маман болып шығуға жасалған зор мүмкіндік, - дейді техника ғылымдарының кандидаты, Атырау мұнай және газ университетінің мұнай-газ ісі кафедрасының меңгерушісі Нұрлыбек Шұғайыпов.
Дуалдық оқыту жүйесі бойынша былтыр Атырау мұнай және газ университетін аяқтаған 17 студенттің екеуі "Ембімұнайгаз" мекемесіне жұмысқа жұмысқа орналасқан.
"Зертхана құрылғылары индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы Челябинскіден алынды. Алдағы уақытта мұнымен ғана шектеліп қалмай, заман талабына сай электронды базамызды жаңартып отыру жоспарымызда", - дейді Нұрлыбек Шұғайыпов.