Атырауда "Джунд Аль-халифат" террористік ұйымының мүшесі сотталды

1443

Атырауда "Джунд Аль-халифат" террористік ұйымының мүшесі сотталды

Атырауда "Джунд Аль-халифат" террористік ұйымының содыры 20 жылға сотталды. Ол Қазақстан аумағында түрлі жарылыстар жасауды ұйымдастырып отырған, деп хабарлайды atpress.kz.
Осы орайда, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ауғаныстаннан биыл ұсталған Дамир Зналиевке қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сот талқылауында анықталғандай, Д.Зналиев 2011 жылдың шілде айында Қазақстан азаматтары М.У., Х.Р. және Бельгия азаматы М.Г.-мен бірлесіп,  Пәкістанда "Джунд Аль-халифат" атты халықаралық террористік ұйым ұйымдастырған. Бұл ұйымның құрамына Қазақстан, Тәжікстан және Араб мемлекетінің азаматтары енген.

2011 жылдың 12 қыркүйек – 2 қазан аралығында Д. Зналиев азаматтар М.У., Ж.Х.-мен және өзге де содырлармен бірігіп, Алматы қаласындағы Сыртқы істер министрлігінің аумағына, Алматы қаласының ішкі істер департаментінің әкімшілік ғимаратына жарылыс жасауға оқталып, оған дайындық жұмыстарын жүргізген. Ал, 2011 жылдың 28-30 қазан аралығында Атырау қаласындағы әкімдік және прокуратура ғимараттарына жарылыс жасауды ұйымдастырған.

Сот отырысы кезінде зерттелген дәлелдемелер мен куәлардың жауаптары тыңдалып, сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде, сот шешімімен Д. Зналиев Қылмыстық кодекстің "террористік" бағытындағы бірнеше бабы бойынша айыпталып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстың өтеу орны ретінде қатаң режимдегі түрме белгіленді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу