Әзербайжанда "Оңтүстік газ дәлізі" жобасы іске қосылды

625

Әзербайжанда "Оңтүстік газ дәлізі" жобасы іске қосылды

Баку маңындағы Сангачаль терминалында Әзербайжан газын Еуропаға жіберетін "Оңтүстік газ дәлізінің" ашылу салтанаты болды.  Бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды. 

Салтанатты шараға Әзербайжан президенті Илхам Әлиев, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо, жобаға серіктес елдер мен оны жүзеге асыруға қатысушы компаниялардың өкілдері қатысты.

Әзербайжан президенті Түркия, Грузия, АҚШ және ЕО елдеріне "Оңтүстік газ дәлізі" жобасына қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, оның халықаралық ынтымақтастықтың арқасында іске асып отырғанын жеткізді.

"Әзербайжанда дәлелденген газ қоры 2,6 триллион текшеметрді құрайды. Біз ең ірі нарық саналатын Еуропаға көп мөлшерде табиғи газ жеткізуге дайынбыз. "Оңтүстік газ дәлізі" - Еуропаның бүкіл энергетика картасын өзгертетін энергетика бағдары. Жобаны жүзеге асыруда оған қатысушы елдердің барлығының мүдделері ескерілді", - дейді Әлиев.

"Оңтүстік газ дәлізі" жобасының құны 40 миллиард долларды құраған. Оған Әзербайжаннан тыс, Грузия, Түркия, Грекия, Болгария, Албания, Италия елдері күш салған, алдағы уақытта Босния және Герцеговина, Хорватия, Черногория қосылмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу