Азия параойындарында екі "күміс" алған Сергей Кинахқа әкімнің стипендиясы тағайындалды

714

Стипендия ай сайын төленеді, оның мөлшері 175 мың теңгені құрайды. 

Азия параойындарында екі "күміс" алған Сергей Кинахқа әкімнің стипендиясы тағайындалды

Қарағандылық жүзушісі Сергей Кинах Джакартадағы (Индонезия) Азия параойындарында сәтті өнер көрсеткен, облыс әкімі стипендиясын алушылар тізіміне қосылды. Ол жайлы дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

"Бізде қол жеткізген нәтижелеріне орай спортшыларға берілетін Қарағанды облысы әкімінің стипендиясы бар. Қазір оны 4 мүмкіндігі шектеулі спортшылар алады. Енді олардың қатарына Сергей Кинах та қосылды", - деді басқарма басшысының орынбасары Рустам Қожабеков баспасөз конференциясы барысында.

Стипендия ай сайын төленеді, оның мөлшері 175 мың теңгені құрайды. 

Жүзуші-спортшыға және оның бапкері Наталья Манохинаға алғыс хат табыс етілді. 

Азия біріншілігіне төрт спорт түрі бойынша 7 қарағандылық қатысты: Наталья Звягинцева, Андрей Афанасьев, Сергей Кинах, Әлия Рахымбекова (жүзу), Руфат Хабибуллин (жеңіл атлетика), Артём Вайман (үстел теннисі) және Айдос Жылқышымов (оқпен ату).

Сергей Кинах екі күміс жүлдені иеленді: 100 метр қашықтықта брасспен жүзу, 500 метрге еркін жүзу бойынша. Жүз метрлік дистанцияны спортшы бір минут 23.06 секундта жүзіп өтті. 

26 жасар спортшының мансабындағы екінші Параазиада. Бірінші рет ол қола жүлдеге қол жеткізген еді, осы жолы енді нәтижесін жақсартып отыр. Халықаралық санаттағы спорт шебері веб-сайттар құрумен айналысады. Үйінде Сергей үшін барлық туғандары жанкүйер болды: жұбайы, екі баласы, ата-анасы, әжесі мен атасы. 

"Сайыстарға дайындық екі кезеңнен құралды: Ыстық көлде және Таразда. Оған дейін жыл бойы үйде, олимпиада резервін дайындау орталығында және Н. Әбдіров атындағы спорт кешенінде шынықтық. Ең басты қиындық Қарағандыда 50 метрлік бассейннің болмауында еді, себебі барлық халықаралық сайыстардың барлығы сондай нысандарда өтеді", - деді жаттықтырушы Наталья Манохина. 

Бассейннің құрылысын облыс орталығында 2019-шы жылы бастау жоспарланып отыр. 

Айта кетсек, мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған III Азиа ойындары 6-13 қазанда Джакартада өтті. Халықаралық біріншілікке 43 елден жиналған 3000-нан астам спортшылар қатысты. Қазақстанның атынан тоғыз спорт түрі бойынша 91 спортшы қатысты: үстел теннисі, дзюдо, жүзу, оқпен ату, пауэрлифтинг, садақтан ату, шахмат, жеңіл атлетика және отырып ойнайтын волейбол. Ұлттық құрамамыз жалпы есепте 33 медальмен 13-ші орынды иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу