Баку-Тбилиси–Карс теміржол бағдарымен жүк тасымалдау басталып кетті, деп хабарлайды abctv.kz.
Қытай мен Қазақстаннан 82 контейнермен алғашқы екі эшелон жолға шықты. Қазақстандық құрам түріктің Мерсин портына астық алып бара жатыр. Қазіргі таңда қазақстандық көмірді тиеген тағы бір құрам жасақталуда. Оның бағыты Румыния. Осылайша жаңа магистральда жүк тасымалына қатысты процесс басталып кетті.
Еске салсақ, кеше Бакуде Түркия президенті, Өзбекстан мен Грузия премьер-министрлері, Тәжікстанның көлік министрі, Түркіменстанның теміржол көлігі министрінің қатысуыман Тбилиси – Карс темір жолы ашылған еді.
Аталған бағдар теңіз жолы арқылы жүк тасымалын жүзеге асыруға төленетін ақшаға Қытайдан Еуропаға контейнерлерді 12-14 тәулікте қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік береді. Ал теңіз жолымен жүк 40-45 тәулікте жетеді.