Бүгін үкімет үйінде премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Катар Орталық банкінің төрағасы шейх Абдулла Бин Сауд Аль-Тани бастаған Катардың қаржы ортасының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында "Астана" халықаралық қаржы орталығының Катардың "Masraf Al Rayan" банкі, қаржы орталығы және инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар премьер-министр "Tele2 AB" компаниялар тобының президенті Элисон Киркбимен кездесті.
Кездесуде телекоммуникация саласын, цифрлық технология мен киберқауіпсіздікті қолдана отырып, жаңа индустрияны дамыту мәселелері талқыланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу