Bank RBK Ресейге тұз жеткізуді ұлғайту үшін отандық экспорттаушы "Аралтұз" АҚ-ға 500 млн теңге несие ұсынды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.
Ақпаратта айтылғандай, аталған қаражатты банкке одан әрі "Аралтұз" АҚ-ға несие ретінде беру үшін "Бәйтерек" ұлттық холдингінің еншілесі – "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-несиені сақтандыру корпорациясы ұсынған. Қаражат кәсіпорынға алдағы уақытта Ресейге тұз өндірісі мен экспортын ұлғайту мақсатында айналымын капиталын толтыру үшін беріліп отыр.
Қарызды қайтару мерзімі – 9 ай.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу