Бердібек Сапарбаев "Халық дауысы" жобасында гран-при жүлдесін жеңіп алды

698

Бердібек Сапарбаев "Халық дауысы" жобасында гран-при жүлдесін  жеңіп алды

NUR.KZ порталы жылдың ауқымды жобасын қорытындылады. Еліміздің ең бірінші ақпараттық порталы қазақстандықтарды іскер басшыларға дауыс беруге шақырған болатын. "Халық Дауысы" жобасында гран-при жүлдесін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеңіп алды, деп хабарлайды aktobenews.kz.

"Бердібек Машбекұлы біздің байқауымыз басталғаннан көш бастады. Ол жерде 47 қатысушы болды. Олардың барлығы еліміздегі әкімдер мен министрлер. Сіздердің әкімдеріңіз басым халық дауысымен және қолдау білдірген пікілердің көптігімен Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл халық таңдауы", - деді Ақтөбеге арнайы келген NUR.KZ порталының өкілі Ержан Сейтқазинов.

Бердібек Сапарбаев екі бірдей номинация бойынша үздік атанды. "Халық Дауысы" жобасында "Ең үздік халықтың әкім" және гран-при жүлдесі Ақтөбе облысына бұйырды.

"Мұндай ашық таңдау өткізген сіздерге де алғысымды айтамын. Маған қолдау білдірген барлық қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. Біз халықтың сенімін ақтауға тырысамыз", - деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Әлеуметтік желілер арқылы сүйікті саясаткерлеріне, қоғам қайраткерлеріне дауыс беруге шақырған қазақстандықтар жобаға белсенді қатысты. Біз эстрада жұлдыздары мен журналистер бар желі қолданушыларының дені Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа дауыс беруге шақырғанын анықтадық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу