БҚО-да жас, әрі алғыр азаматтарға "Жас кәсіпкерлер" мектебі өз есігін ашып отыр, деп хабарлайды atameken.kz.
Аймақтық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Мақсат Құланбаевтың айтуынша, "Жас кәсіпкрелер мектебі" жобасы жастарды инновациялық және әлеуметтік әлеуетін ашуға, жастардың кәсіпкерлікпен айналысу белсендігін, жас кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған. 18 бен 29 жас аралығындағы жастар жоба тыңдаушылары бола алады.
"Жоба жастарға кәсіпкерліктің негізін, бизнес жоспарды жасауды және оны қорғауды ұйымдастыруды үйретуді көздейді. Сонымен қатар, аса табысты жобаларды таныстыру арқылы "Идеялар жәрмеңкесін" өткізуді, осылайша үздік бизнес жобалардың қаржыландырылуына көмектесуді мақсат етеді", - деп атап өтті Мақсат Құланбаев.
Оқы барысында жоба тыңдаушыларына оқу-әдістемелік материалдар беріледі. Жоба тыңдаушыларын оқыту тегін жүзеге асырылады.
Аймақтық палатадан хабарлағандай, жоба қорытындысы бойынша өзінің бизнес жобасын үздік қорғап шыққан тыңдаушыға арнайы сертификат беріледі, ол бағдарлама аясында гранттық қаржыландыру алу үшін байқауға қатысу құқығын береді.