Бомбаны "қойған" жеткіншек екен

765

Бомбаны "қойған" жеткіншек екен

Метроның қызметін сотқар жеткіншек тоқтатқан. Бүгін Алматы жерасты жолына "бомба қойылды" деп жалған қоңырау соққан тұлғаның кім екені анықталды.

Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, ол Сарқанд қаласының кәмелет жасына толмаған тұрғыны болып шықты. Жеткіншек мұны қызық көріп хабарласыпты. Сотқар енді жауапқа тартылуы мүмкін. Ал метрополитен таңғы 6-дан қалыпты режімде жұмысын бастаған.

Айта кетейік, кеше кешқұрым белгісіз біреулер телефон арқылы метрополитенге "жарылғыш зат қойылды" деген хабар түсірген. Кешенге дереу шақыртылған сақшылар жерасты жолын толықтай бұғаттап, жолаушылар мен қызметкерлерді эвакуациялаған. 7 станция түгел тексеріліпті. Алайда ешқандай бомба табылмаған.

Автор: Арай Сүгірбай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу