Интерконтиненталь биржасындағы сауда барысында Солтүстік теңіздің Brent маркалы мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстері барреліне 1,160%-ға —$47,41 дейін жоғарылады, деп жазады "КоммерсантЪ".
Мұнайдың WTI маркасы барреліне 1,172%-ға —$46,91 дейін өсті.
Өткен аптада DXY доллар индексі 13 жыл бұрынғы жоғары көрсеткішін қайталады. Доллар АҚШ-та инфляцияның өсу қаупі күшейіп және Федералдық қор жүйесінің мөлшерлемені жоғарлатуы аясында әлемдік валюталардың көпшілігімен арасалмақта өз орнын нығайта түсті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу