"Шығамыз, кездесеміз, шешеміз!" науқаны басталды

885

 "Шығамыз, кездесеміз, шешеміз!" науқаны басталды

Целиноград ауданында ауылдық округ басшыларын тарта отырып, прокуратура және аудан әкімдігімен бірлесіп құқықтық көмек көрсету, проблемалық мәселелерді шешу үшін кең ауқымдағы "шығамыз, кездесеміз, шешеміз" көшпелі науқаны басталды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алғашқы көшпелі қабылдау аудандық Тастақ станциясында 22 тамыз күні өткен. Мұнда Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. Айткужинова, прокурор Ж. Сматов, аудандық "Нұр Отан" партиясы филиалының бірінші орынбасары Р. Түлкібаев, бөлім басшылары мен мамандары қатысты. Жергілікті тұрғындарға сумен жабдықтау, электр қуаты, автомобиль жолдары және көлік мәселелері, телекоммуникация, интернет желісін өткізу, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кеңес берілді. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне қызықтырған сұрақтарын қойды.

Мұндай көшпелі кездесулер басқа да шалғай жатқан елді мекендер мен ауылдық округтерде өтетін болады. Әрбір ауыл тұрғыны өздерін мазалаған сұрақтарына жауап ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу