Димаш Құдайберген: Әр әйел – бақытты болуға лайықты!

953

Димаш Құдайберген: Әр әйел – бақытты болуға лайықты!

Қытайдағы Хунан телеарнасының "Singer 2017" ән байқауына қатысып жатқан әнші Димаш Құдайберген өзінің Инстаграмдағы парақшасы арқылы барша әйел қауымын 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды inform.kz.

"Құрметті, Асыл жанды аналар, ақ жаулықты әжелер, ақылы мол апалар, қылықты қарындастар! Көктем келген кезде көңілімізді жадыратын нәзік жандылардың мерекесі қатар келеді. Әр әйел – бақытты болуға лайықты! Әр нәзік жанды – сүйіктісінің назарында болуға лайықты! Баршаңызды Халықаралық арулар мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін! Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ал әлемді тек сіздер ғана тербете аласыздар! Мерекелеріңізбен!!! Құшақтадым баршаңызды!", – деп жазды әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу