Экология департаменті "Таза Табиғат-АН" компаниясының қызметін тоқтатуға талап арыз берді

4838

ЖШС жалпы сомасы 336 700 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда, осы уақытқа дейін әкімшілік айыппұл өндірілмеген. 

Экология департаменті "Таза Табиғат-АН" компаниясының қызметін тоқтатуға талап арыз берді

Экология департаменті "Таза Табиғат-АН" ЖШС-нің қызметін тоқтата тұру туралы талап арыз берді, деп хабарлайды Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақтөбе облысының экология департаментінде компанияның қызметіне қатысты жағдайға түсінік берілді.

Мекеменің мәліметіне қарағанда, аумағы 11 га болатын өндіріс қалдықтарын қабылдайтын полигон Байғанин ауданы Жаңатаң ауылынан 7 шақырым жерде орналасқан.

2011 жылы кәсіпорынмен "құрамында мұнай бар қалдықтарды кірме жолмен қайта өңдеу және кәдеге жарату жөніндегі полигонның қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ)" жобасы әзірленіп, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2012 жылы сілтілі ерітіндіні қабылдаудың өндірістік қажеттілігіне байланысты жұмыс жобасына түзетулер енгізілді.

"Облыс прокуратурасының тапсырмасы бойынша 2018 жылдың маусым-шілде айларында  ҚР ЭМ-нің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қызметкерлері соңғы бес жылда "Таза Табиғат-АН" ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде белгіленген лимиттен тыс қалдықтарды орналастыру жайттары анықталды. Компания полигонда пайда болатын қалдықтарды есепке алуды жүргізбеген, қалдықтардың қабылданған, бейтараптандырылған көлемі мен нақты орналастырылған қалдықтардың деректері туралы берілген мәліметтерде айырмашылықтар болған, сонымен қатар кәсіпорында орналастырылатын қалдықтардың түрі көрсетілген арнайы жабдықталған қалдықтарды жинауға арналған  контейнерлер болған жоқ", - деп хабарлады экология департаменті.

ЖШС жалпы сомасы 336 700 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда, осы уақытқа дейін әкімшілік айыппұл өндірілмеген. Ерікті төлем мерзімінің аяқталуына байланысты, енді Өңірлік палатаның жеке сот орындаушылары арқылы мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қабылданатын болады.

Сондай-ақ, экология департаменті Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сілтілі қалдықтарды бейтараптандыру қондырғысын пайдалану бойынша шаруашылық қызметті тоқтату үшін талап арыздарын жолдады. Талап арызды қарау жақын күндерге белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу