Елбасы "Жайылымдар туралы" заңға қол қойды

1029

Елбасы "Жайылымдар туралы" заңға қол қойды

Мемлекет басшысы жайылымдарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, олардың жай-күйін және инфрақұрылымын жақсартуға, жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға бағытталған "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент сондай-ақ  заңнаманы "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу