Елбасы Жарлығымен үш адамға "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріледі

3129

Сондай-ақ айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылады.

Елбасы Жарлығымен үш адамға "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріледі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытуда үздік жетістікке жеткен қызметкерлерді ҚР мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы" ҚБ төрайымы Бәйменова Құралай Базарбайқызына, "Шәушен" ШҚ басшысы Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлына (Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы), "А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы" КММ мұғалімі Соловьева Алина Робертовнаға (Шымкент қаласы) жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу