Елбасыға Қазан федералдық университетінің "Құрметті докторы" атағы берілді

789

Елбасыға Қазан федералдық университетінің "Құрметті докторы" атағы берілді

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасына жұмыс сапарымен келді. "Қазан" халықаралық әуежайында Қазақстан президентін Татарстан президенті Рустам Минниханов және республика басшылығы қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының жұмыс бағдарламасы Қазан федералдық университетінен басталды. Онда Қазақстан президентіне университеттің "Құрметті докторы" атағы берілді.

Салтанатты рәсімге Татарстан президенті Рустам Минниханов қатысты.

"Біз қазақ халқының біртуар перзенті Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қошемет білдіреміз. Қазақ пен татар - тағдырлас халықтар. Біздің менталитетіміз бен руханиятымыз жақын. Ортақ мерекелеріміз бен дәстүрлеріміз көп. Бір-бірімізбен тіл табысуымыз үшін бізге аудармашы қажет емес. Екі ұлттың қарым-қатынасы тереңге кетеді. Соның маңызды тұсының бірі - Қазан университеті",  - деді ҚФУ ректоры Ильшат Ғафуров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу