"Жолаушы" компаниясының бас директоры Рахым Тәңірбергеновтың сөзінше, қазір қаладағы қоғамдық көліктер жол ақысына бар болғаны 40 теңгеден алады. Ал 5-сыныпқа дейінгі оқушылар тегін тасымалданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"2007 жылға дейін жолақы 10 теңге болып келген. 2016 жылға дейін 20 теңге болды. Одан кейін қалалық мәслихаттың депутаттары бізге 50 теңге қылып бекітіп берген. Алайда біз 40 теңгемен ұстап отырмыз. Себебі, қымбаттатсақ халықтың тұрмыстық жағдайына әсер етеді", – дейді Рахым Тәңірбергенов.
Бүгінде облыс орталығына айналған қаладағы көлік қатынасын реттеу "Жолаушы" ЖШС-на жүктелген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу