Еркебұлан Сейдахмет "Қайратқа" ауысуы мүмкін

655

Еркебұлан Сейдахмет "Қайратқа" ауысуы мүмкін

Ресейлік "Уфа" футбол клубында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының шабуылшысы еліміздің премьер-лигасына қайта келуі мүмкін, деп хабарлайды kaz.vesti.kz. 

KazFootball.kz ақпараты бойынша, 18 жастағы форвард алматылық "Қайратқа" ауысуы мүмкін. Трансфер жалға алу құқығымен жасалады. 

2017 жылы Сейдахмет ересектер клубында өнер көрсете бастаған. Қазақстан премьер-лигасындағы 15 матчте бір гол салып, бір рет нәтижелі пас берген. Маусым бойы ол бастапқы құрамда тек төрт рет ойнап, 90 минут бойы бір ойын ғана өткізді. "Таразда" ол жалға алу құқығымен ойнаған (негізгі құқық жартылай кәсіби "Монтажник" клубына тиесілі болды).

2018 жылы ақпанда Сейдахмет "Уфа" сапына ауысты. Ресей премьер-лигасында ол екі матч өткізді, алайда, соңғы бес турға жарақат салдарынан қатыса алмады. 

Наурызда Сейдахмет Қазақстан құрамасында ойнап, жолдастық кездесуде бірден Венгрия қақпасына гол салды. Осылайша, ол ұлттық команда тарихында гол салған ең жас ойыншы атанды. 

Ал ойыншының өзі "Зенит" сапына ауысу жоспары туралы айтты. Былтыр Сейдахмет петерборлық клубтың жиынына барған. Ол кезде қазақстандық 17 жаста болғандықтан ФМФА ережелері бойынша клуб онымен келісімшарт жасаса алмады. 2017 жылы наурызда Сейдахмет "Зентиттің" жастар командасымен Италиядағы Viareggio Cup турниріне қатысқан болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу