"Славян базары" байқауында Қазақстан мен Румыния қатысушылары бірдей балл алғанымен, қазылар алқасының шешімімен Гран-при румыниялық әншіге бұйырды, деп хабарлайды abctv.kz.
Әмре лақап атымен шыққан қазақстандық әнші Ернар Садырбаев "Славян базары" байқауында І орын алды. Ол 156 балмен алға шықты.
Алайда Гран-приді дәл осынша бал жинаған қарсыласы румыниялық Марчел Рошка еншіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу