Есіл жағасында Аяз атаның "резиденциясы" ашылды

1248

Аяз Атаның ертегідегідей "резиденциясы" 30 желтоқсанға дейін жұмыс істейді, кіру тегін. Ал "Аяз Атаның поштасы", "Қысқы дала ойын-сауықтары", "Аяз Атаның қонақ бөлмесіне" билетпен кіруге болады.

Есіл жағасында Аяз атаның "резиденциясы" ашылды

Есіл өзені жағасында "Атырау" көпірінің маңында Аяз атаның ертегідегідей "резиденциясы" ашылды. Оның ашылуына балалар үйінің 6-11 жас аралығындағы тәрбиеленушілері келді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Резиденция" алдында оларды қарсы алған аниматорлар квест ойынын ойнайтып, пошта бөлімшесіне әкелді. Ол жерде олар өздерінің хатын жәшікке салды, барлығы отырып ортақ хат жазды. Ортақ хатта Жаңа жылдың жақсылық, қуаныш, бақыт әкелуін тіледі. Бұл үлкен хатты эльф алып иттер жегілген шанамен Аяз атаға алып кетті.

"Жастар" сарайы директорының орынбасары Юлия Амирова айтып өткендей, балалардың қалауы жазылған сыйлықтар тізімі әкімдікке табыс етілген.

"Осы жерде бірінші - алтыншы сыныптарда оқитын оқушылар келді, бірақ балалар үйінің барлық тәрбиеленушілері Аяз атаға хат жазды. Өткен жылы да осылай жасадық, әркім өзі қалаған сыйлығын алды. Біреуі коньки, қуыршақ үйшігін сұрайды, ересек балалардың тілегі күрделі. Мысалы, велосипед сұрайды. Негізінен, қыста балалар коньки, шана, шаңғы алғысы келеді. Бізде Ақкөл кентінің ар жағында өзіміздің мұз айдынымыз бар, оны ересек балалар жасайды",  –  деді балалар үйінің аға тәрбиешісі Татьяна Фенина.

Аяз Атаның ертегідегідей "резиденциясы" 30 желтоқсанға дейін жұмыс істейді, кіру тегін. Ал "Аяз Атаның поштасы", "Қысқы дала ойын-сауықтары", "Аяз Атаның қонақ бөлмесіне" билетпен кіруге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу