ERG-дің несиелік рейтингі "B" деңгейіне жоғарылады

580

ERG-дің несиелік рейтингі "B" деңгейіне жоғарылады

Eurasian Resources Group қызметі нәтижелерінің жақсаруына байланысты S&P оның рейтингін "B" деңгейіне көтеріп, "оң" деген болжам жасады, деп хабарлайды erg.kz.

Standard & Poor’s рейтинг агенттігі табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласында әлемдегі жетекші әртараптандырылған компания Eurasian Resources Groupтың ("ERG" немесе "Топ") ұзақмерзімді несиелік рейтингін "B" деңгейіне жоғарылатып, компания қызметінің жақсы нәтижелерін негізге ала отырып, оның рейтингі бойынша оң болжам жасады.

Жетекші рейтинг агенттігі бұл орайда ERG қызметінің 2017 жылғы операциондық және жоғары қаржылық нәтижелері мен таяуда Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) жобасының іске қосылатынын да ескерген. Оның үстіне феррохром бағасының өрлеуі, өзге металдар құнының оң динамикасы мен салиқалы қаржылық шығындар ERG-ге 2017 жылы S&P берген болжамды жақсартуға сеп болды. Агенттік жасаған жаңа болжамға сәйкес, ERG алдағы екі жылда өсімін жалғастырмақ.

S&P сондай-ақ, ERG-дегі менеджмент пен корпоративтік басқару деңгейін қайта қарап, жоғары нәтижелерге қол жеткізген компания басшылығы барынша салмақты әрі белсенді қаржылық саясат ұстанып отырғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу