Бакуде өтіп жатқан дзюдодан əлем чемпионатында 48 келіде белдескен Галбадрах Отгонцэцг қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстандық спортшы Бразилия жəне Испания қыздарынан басым түсіп, өз тобындағы соңғы кездесуде болашақ чемпион, украиналық Дария Белодедке жол берді.
Жұбаныш белдесуінде Галбадрах словениялық Маруся Стангарды жеңіп, қола медаль үшін күресте моңғолиялық Урантетсег Мухбаттан басым түсті.
Осылайша, əлем чемпионатындағы алғашқы жүлдені Галбдарах сыйлап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу