Ғалымдар "ақылды шыны" ойлап тапты

1075

 Ғалымдар "ақылды шыны" ойлап тапты

Пристон университетінің бір топ ғалымы "ақылды шыны" деп аталатын жаңа технология ойлап тапты, деп хабарлайды islam.kz.

Даланың жарықтығына қарай түсінің мөлдірлігін өзгертіп отыратын бұл шыны күн энегриясын өзіне сіңдіріп алады да жылу бөледі. Орталықтан берілетін электр энергиясына кететін шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың бұл технологиясы жайында Nature Energy мерзімді басылымында жарияланған.

Нақтырақ айтқанда, Пристон ғалымдары ұсынған шыны спектордың ультркүлгін бөлігіне жақын жарықты сіңдіру арқылы жұмыс істейді. "Сымсыз "ақылды" шыны жабуды терезе әйнегінің ішкі жағынан жапсырып қоюға болады. Сол кезде сіз қалта телефоныңыздағы қосымша арқылы ғимараттың ішкі жағына өтетін күн шуағының мөлшерін өзіңіз басқара аласыз. Осылайша үйдің ішіндегі ауа температурасын қалағаныңыздай қалыптастыра аласыз", - деді осы жобаға атсалысқан Лу Николас Дэви есімді ғалым.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу