Гауһар тасты жүзікті іздеген жұмысшылар 13 тонна қоқысты қолмен аршыды

838

Гауһар тасты жүзікті іздеген жұмысшылар 13 тонна қоқысты қолмен аршыды

Қытайда жергілікті қоқыс өртейтін зауыттың жұмысшылары 13 тонна қоқысты қолдарымен аршып, жергілікті тұрғынның абайсызда тастап жіберген 110 мың юань (шамамен 16 мың доллар) тұратын гауһар тасты жүзігін іздеген, деп хабарлайды 24.kz.

Цзянцу провинциясына қарасты Янчжоу қаласының тұрғыны 17 желтоқсан күні абайсызда қоқысқа жүзігін лақтырып жіберген. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады. Бұны байқағаннан кейін әйел тез арада жергілікті коммуналдық тазалық департаментіне барып көмек сұраған.

Департамент қызметкерлері оның ауданындағы қоқыстың жиналып, өртеу зауытына жөнелтілгенін айтқан. Зауыттың жұмыс күні аяқталғандықтан, қытайлық әйелге екінші күнді күтуге тура келген. 18 желтоқсан күні таңертеңгі уақытта 8 маманнан жасақталған бригада жұмысшылары 13 тонналық қоқысты қолмен аршып, екі сағаттан соң сақинаны тауып алып, өз иесіне қайтарып берген.

"Бұл адамдардың амдаргершіліктері менің сақинамнан да қымбат", – дейді көзіне жас алған әйел тілшілерге берген сұхбатында. Ал Ся ханымның жұмысшыларға материалдық түрде алғысын білдіріп-білдірмегені айтылмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу