Golden Boy "Канелоның" допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

636

Golden Boy "Канелоның" допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Golden Boy промоутерлік компаниясы "Канелоның" жекпе-жек алдындағы допинг-сынамасынан кленбутерол табылуына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады Sports.kz-ке сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

NSAC қаулысына сәйкес, боксшының ары қарай тағдыры 10 сәуірдегі отырыста шешіледі. 

"Біз Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) процесін құрметтейміз және онда Альварестің ісін ұсынатын боламыз. "Канело" өз мансабында 90 рет тест тапсырып, "таза" нәтиже көрсетіп келген және тыйым салынған заттарды ешқашан әдейі қабылдамаған", - делінген компанияның хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өткен алғашқы жекпе-жекте оның қарсыласы Сауль Альварес тыйым салынған заттардан "таза" болғанына күмән келтірген болатын.

Сауль Альварестің Геннадий Головкинмен реваншы 5 мамырға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу