Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман ұйымның бұрынғы чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) соңғы допинг-сынақтары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды vesti.kz.
"Канело" орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтетін кездесуге екі ай қалғанда допингпен ұсталып қалды. Мексикалық боксшының қанынан кленбутерол дәрумені табылды. Кейіннен Альварестің өзі бұл кездесуден кейін бас тартып, алты айға жазаланды.
Бірақ "Канелоның" соңғы допинг-сынақтары, оның ішінде шашына тапсырған сынақтан да кленбутерол іздері табылмады.
"Бұл жағдайдың шешілгені көңіліме қуаныш орнатып отыр. Физикалық та, медициналық та сынақтар WBC кеңесі және мен күткен нәтижені көрсетті. Спортшыға, боксшыға және адамға қатысты әділдік орнады. Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу өтпейтіні анық. Бірақ бұл жекпе-жек қыркүйек айында өтеді деген үміттеміз. Біз Мексикада кленбутеролға қатысты проблема бар екенін білеміз. Сондықтан да WADA бұл мәселеге қатысты алдағы уақытта өзгерістер енгізетін шығар деген сенімдемін. Спортшылар да мұны біледі. Енді олар тамақтарын қадағалайды деп ойлаймын. Антидопинг агенттігі 365 күні жұмыс істейді. Сондықтан Мексикада тұратын немесе жаттығу жасайтын боксшылар кез-келген уақытта бұл проблемаға ұрынып қалуы мүмкін екенін біледі", - деп келтіреді Сулейманның сөзін Boxingscene.com порталы.
Айта кетейік, "Канелоның" жаза мерзімі тамыз айында аяқталады. Ал ол шаршы алаңға қыркүйек айында шығуы мүмкін.