Головкин – Альварес жекпе-жегінің ең қымбат билеті 1500 долларға сатылады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Hoylosangeles.com басылымының мәліметінше рингке жақын орындар 1500 доллардан сатылады. Ал ең арзан билеттердің құны – 100-200 доллар. Бұл – бастапқы мәліметтер. Алдағы екі аптаның ішінде билеттер ресми сатылымға шығады.
Айта кетейік, кәсіби бокста көптен күткен жекпе-жек 16 қыркүйекте Лас-Вегастың T-Mobile Arena спорт кешенінде өтеді. Аталған ғимарат 20 мың адамды сыйғыза алады. Осы жекпе-жектің билеттері әлі сатылымға түспесе де, T-Mobile Arena-ның ресми сайтына қайта-қайта кіріп, билеттерді күтіп жүрген бокс жанкүйерлері көп.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу