Бүгін парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында мемлекеттің "тартымды" автонөмірлер сатудан қанша пайда тапқаны жарияланды, деп хабарлайды abctv.kz.
3 жыл ішінде ішкі істер министрлігіне қарасты арнайы ХҚКО-лар арқылы 15 мың 760 "тартымды" нөмірлер жиынтығы сатылыпты. Олардан бюджетке 5 миллиард 548 миллион теңге кіріс түскен екен.
Биыл тиісті заңнамаға өзгерістер енгізілді. Енді тек сандардың ғана емес (мысалы, 777, 999), сондай-ақ автокөліктің мемлекеттік нөміріндегі әріптердің де қайталануы (мысалы, WWW) "тартымды" нөмір болып танылып, тек ақшаға сатылады. Сонымен қатар ІІМ сатып алуға ұсынылатын "әдемі нөмірлердің" тізімін арнайы ХҚКО-ларда қабырғаға – стендтер мен ақпараттық тақталарға іліп қоюды жоспарлауда. Онымен жүргізушілер сондай-ақ ішкі істер органдарының сайттарынан да таныса алады деп күтілуде. Келесі жылы темір тұлпарларға арналған арнайы ХҚКО-лар Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында ашылады.