Қайраңға шығып қалған "Аракс" танкерін шығаруға Ресейдің сүңгуір кемесі келді

1103

Қайраңға шығып қалған "Аракс" танкерін шығаруға Ресейдің сүңгуір кемесі келді

Ресейдің федералдық теңіз және су көлігі агенттігінің таратқан ақпаратына сәйкес, 5 қаңтарда Ресейдің су флоты құтқару қызметінің Каспий филиалына тиесілі "Углич" сүңгуір кемесі апаттық жағдайға тап болған "Аракс" танкерін тексеріп, оны қайраңнан алып шығуға кірісті, деп жазады tumba.kz.

2016 жылдың  11 қарашасында жариялаған хабарламаға сәйкес, "Аракс" кемесі өзі тіркеуде тұрған Махачкала портына бара жатқанында Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы "Песчаный" мүйісінде жағадан 100 метрдей жерде қайраңға отырған. Алайда кеме көмек шақырмаған.

 Естеріңізде болса,  18 қарашада  апаттық жағдайдағы кемені Қазақстанның жағалау күзету тексеріп, апат болған соң екінші күні кеменің капитаны мен команда мүшелері  кемені тастап кеткенін анықтады.  "Аракс" танкерінің бортында тек механик қалған. Ол  кемені тексерген кезде көмектен бас тартты.

Механиктің айтуынша, 2016 жылдың  4 қарашасында  "Аракстың"  жәкірі үзіліп кетіп, қайраңға  отырып қалған.  Комиссияның сырттай жүргізген тексеруі бойынша, сондай-ақ механиктің айтқанындай, су көлігінде жарық жоқ, өзі тұрған аумаққа мұнай өнімдерінің төгілгені байқалмады.

Кемеде барлығы  550 тонна мұнай өнімі,  ескі май, тақтатас сулары мен мазут төгілген топырақ тиеліпті.  Кемеге зақым келген жағдайда Каспий теңізіндегі табиғатқа зиян келу қаупі болды.

Жарияланған ақпаратта сондай-ақ желтоқсанның соңында Ресейдің СІМ арқылы "Росморречфлот" мекемесіне  Қазақстан тарапынан қоршаған ортаға  зиянды болдырмауға көмектесу жөнінде өтініш түскені айтылады. Аталмыш мекеме  осыдан соң апат орнына "Углич" кемесін жөнелтіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу