Қайрат Келімбетов: АХҚО "Mid-shore" жүйесімен жұмыс істейді

948

Қайрат Келімбетов: АХҚО "Mid-shore" жүйесімен жұмыс істейді

"Астана" халықаралық қаржы орталығы "мидшорлық" жүйемен жұмыс істейтін болады. Яғни, оффшорлық әрекеттерге қарама-қарсы, ашықтық қағидаттарға негізделген қызметті құрады. Бүгін үкімет үйінде арнайы өткен брифингте "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов осындай ақпарды жеткізді.

Айтуынша, "mid-shore" салықтан жалтару талаптарын қолдамайды, әрі түрлі лаңкестік ұйымдарға берілетін ақшалардың жүруіне тыйым салады. Бұл тұста Келімбетов Сингапур принцептері үлгісін қолдануға ниетте. Яғни, басқаруға берілген капитал мен активтердің барлығы да қатаң бақылауда тұрады. Айта кетсек, Орталық Азиядағы бірегей қаржы орталығы инвесторлық басқаруда ағылшын құқықтық негіздеріне сүйене отырып, 4 бағыт бойынша жұмыс істеуі тиіс. Бұл - капиал нарығын дамыту, ұжымдық автивтер мен жеке тұлғалардың байлығын басқару және жасыл қаржыландыруды қолдау. Тағы бір жаңалық – қаржы орталығы криптовалюта нарығында да жұмыс істейтін болады.

Қайрат Келімбетов, "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы: "Неге "оффшор" жайында көп айтылады? Өйткені ол құпиялықты сақтайтын жүйе. Ал құпиялық болса, демек көпшілік он жерде заң бұзушылық бар деп ойлады. Бізде құпиялықты сақтаймыз, бірақ маған "мидшор" деген сөз ұнайды. Бұл жерде орталықтың беделі бірінші орында. Сондықтан ашықтықты ұстанамыз. Ал құрылымға келсек, "Астана" Халықаралық орталығы криптовалюта алаңына да айналуы тиіс".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу