Қазақ боксшысы Қанат Ислам Америкада "QAZAQ promotions" промоутерлік компаниясын ашты, деп хабарлайды боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан.
"QAZAQ promotions" Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады. Бүгінде "Main event" промоутерлік компаниясымен серіктестік орнаттық. Алда жоспар көп. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу - ең басты мақсатымыз. Сол жолда команда тынбай еңбек етуде. Суретте әріптестеріміз "Main event" промоутерлік компаниясының иесі, промоутер Kathy Duva және менеджер Egis Klimas", - деп жазды Берік Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетсек, бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0-0,20КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) ақпан айындағы рейтингінде көшбасшылық орнын сақтап қалған болатын.