9 қыркүйекте елордамыз Астанада ұйымдастырылып жатқан бокс кеші "Сарыарқа спорт кешенінде өтетін болды. Бұл бокс кешінде Бейбіт Шүменов те шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды vesti.kz.
"Спорт кешені 10 мың адамға шақталған. Рингтің айналасына 2-3 мың орындық қоюға болады. Бас-аяғы 13 мыңға жуық жанкүйер келеді деп күтіліп отыр. Жекпе-жек алдында 3 баспасөз маслихаты және ашық жаттығу өтеді. Жекпе-жек бітісімен, "Сарыарқа" велотрегінің баспасөз залында боксшылардың қатысуымен ресми баспасөз маслихаты болады. Тілшілер сұрақтарын жекпе-жектің қызуы басылмай жатып қойып қалуы үшін. Ескерте кететін бір жайт – "Алматы аренада" өткен кәсіпқой бокс кешінде 15 мыңға жуық халық келіп, билет жетпей, кіре алмай қалғандар өте көп болды. Сол үшін билет саудаға шығарылған соң тезірек алып қоюды сұраймыз. Билет шамамен 1 тамызда сатыла бастайды. Бұл жолы да бағасы қолжетімді болады", – деп жазды Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің facebook парақшасында.
Айта кетейік, елорда төрінде өтетін кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдарындағы әлем чемпионы, жеңіліп көрмеген Қанат Ислам жұдырықтастады.
Сондай-ақ еліміздің мақтанышы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов те осы бокс кешінде жекпе-жек өткізеді деп күтіліп отыр. Сонымен бірге басқа да кәсіпқой боксшылармен келіссөз жүргізіліп жатыр.