Қарағанды облысында "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру үшін 1,5 млрд. теңге бөлінді

1058

Қарағанды облысында "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру үшін 1,5 млрд. теңге бөлінді

Сәтбаевта мыс кен орындарын қайта өңдеу барысында опырылып түскен аумақтардың тұрғындарын көшіруге арналған тұрғын үйлердің құрылысы жалғасып жатыр,  деп мәлімдеді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков халыққа есеп беру кездесуінде.

 "Бүгінде 859 отбасын баспанамен қамту үшін 39 тұрғын үй салынып, 6 пәтер сатып алынды. Сондай-ақ, 1150 отбасыға арналған жалпы ауданы 78 мың шаршы метрлік бес қабатты 25 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады", - деді аймақ басшысы.

Жалпы, облыс бойынша 2017 жылы жалпы ауданы 304 мың шаршы метрді құрайтын жаңа үй салу көзделген.

"Ел үкіметімен "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бойынша жаңа бағдарлама бекітілді. Онда "Нұрлы жол" және Өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында қарастырылған тұрғын үй құрылысы біріктірілген", - деді облыс әкімі.

Облыста "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру үшін 1,5 млрд. теңге бөлінді. 19 мың шаршы метр баспана салу жоспарланған. Кезекте тұрған 336 адам тұрғын үймен қамтылады.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ салымшылары, соның ішінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін кредиттік тұрғын үй құрылысы жалғасады. Бүгінде мұндай баспана салудың 11 жобасы бар", - деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу