Қарағанды облысында "сары аурумен" ауырғандардың саны 36-ға жетті

909

Қарағанды облысында "сары аурумен" ауырғандардың саны 36-ға жетті

Қарағанды облысында ересектер мен оқушылар арасында "А" гепатитіне шалдыққандардың қатары 36 адамға жетті.

"Сары ауру" жұқтырғандар  Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларындағы үш мектептің оқушылары болып отыр. Дәрігерлер олармен байланысы бар 150-ден астам адамды анықтап, олардың басым бөлігіне дәрі еккен. Ауырғандардың саны көбейген мектептерде кабинеттен-кабинетке ауысып оқу жүйесіне тыйым салынып, бұқаралық шаралар өткізуден бас тартылды. Мектептерде дәрігерлер күн сайын кезекшілік атқарып жатыр.

Эпидемиологтардың айтуынша,  сырқаттанушылардың саны дәл осы қаңтар айында, балалар қысқы каникулдан оралған сәтте күрт көбейетін көрінеді. Дегенмен,  былтырғы жылдың қаңтарымен салыстырғанда биыл олардың қатары әлдеқайда көп.

"Екпе жасалмаған балалар ауырып жатыр. Себебі өңірде жоспарлы егу 2008 жылдан басталды. Ал ауырғандар 2004 жылы туылған балалар. Олар 2 жасында аталған егу шарасына ілікпеген", – дейді облыстық қоғамдық денсаулық департаментінің эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекшісі Жақия Жәкішева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу