Қарағандыда "Mining Week Kazakhstan-2017" көрмесі өтеді

857

Қарағандыда "Mining Week Kazakhstan-2017" көрмесі өтеді

27 және 29 маусым аралығында Қарағанды қаласының "Шахтер" стадионында "Mining Week Kazakhstan-2017" атты тау-кен металлургия кешеніне және минералдық ресурстарды ұтымды пайдалануға арналған технологиялар мен жабдықтардың 13-ші халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көрмені ұйымдастыруға Қазақстан республикасының инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан республикасының геология және жер қойнауының комитеті, "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы АҚ мен Қарағанды облысының әкімшілігі қолдау білдірді.

Үш күн ішінде келушілердің назарына 80-нен астам компания жұмыстарын ұсынады. Көрмеге Бельгия, Германия, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Чехия, Жаңа Зеландиядан келетін компанияар қатысады. Олар - тамаша ұсыныстары мен үлкен тәжірибесі бар компаниялар.

Mining Week Kazakhstan көрмесі - машиналар, жабдықтар, аппараттар мен құрылғыларды өндірушілер мен жеткізушілердің кәсіби іс-шарасы.Сонымен қатар компаниялар неғұрлым үнемді, қауіпсіз және тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін технология және қызметтермен таныстырады. Павильонның жанындағы ашық аймағында тауарлар мен қызметтерді көрсету көрменің маңызды ерекшелігі болып табылады.

Дәстүр бойынша Mining Week Kazakhstan көрмесінің ең үлкен артықшылығы тиімді байланыс платформасы. Және де көрме аясында ТМКҚ (тау-кен және металлургия кәсіпорындары) ұйымдастыратын "Поляк-қазақ арасындағы тақырыптық семинар", "Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының жетілдірілуі" атты дөңгелек үстел,семинарлар мен тұсаукесерлер өткізіледі. Келушілер көрмені 27-29 маусым аралығында сағат 10.00 мен 18.00 аралығында "Шахтер" стадионында тамашалай алады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу