KASE-нің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 330,76 теңге

762

KASE-нің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 330,76 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Ресей Федерациясында 04 қаңтардан бастап 06 қаңтарға дейін мереке күндері болуына байланысты, RUBKZT_TOD қаржы құралдарының сауда-саттығы бүгін биржада өткізілген жоқ.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 330,76 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі – 46 000 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен және АҚШ долларымен Т+0, Т+1 және Т+2 еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 330,67 теңгені (-1,89 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 117 400 мың (-51 850 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +8,5000 % құрады, сауда-саттық көлемі 15 000 мың USD болды.

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +6,7956 % құрады, сауда-саттық көлемі 754 900  мың USD болды

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 22 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу