KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 340,04 теңге

834

KASE-тің күндізгі сессиясы: 1 доллардың құны – 340,04 теңге

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 340,04 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 61 100  мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде  баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 (EURKZT_TOD)  еуроның орташа сараланған  бағамы 376,45 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 750 мың еуроны  құрады;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша  мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық  жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен теңге бойынша мәмілелер  жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде  баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа  сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3096 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 29 300 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 339,99 теңгені (+1,15 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі – 128 950 мың (+42 950 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,1127% құрады, сауда-саттық көлемі – 125 600 мың АҚШ долларын құрады;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,9265 % сауда-саттық көлемі 64 000 мың АҚШ долларын құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 28 банк қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу