Қазақстан халқының бестен бірі – кедей

1058

Қазақстан халқының бестен бірі – кедей

Қазақстан халқының бестен бір бөлігі – кедейлікке душар. Бұл жайлы Әлемдік даму туралы баяндаманың таныстырылымы барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун мәлімдеді. Оның айтуынша, дамыған елдермен салыстырғанда елдегі кедейлік мөлшері соңғы үш жылда 16 пайыздан 19 пайызға ұлғайған. Біріккен Ұлттар ұйымының белгілеген стандарттарына сәйкес кедейлік деңгейі жан басына шаққанда 5 АҚШ доллары болса, еліміздегі көрсеткіш 1,25 доллар. Осы тұста, Ато Браун "Әлем елдері бойынша мемлекеттік басқаруды реттеп, халықтың әл-ауқатын оңтайландыру үшін барлық дүниежүзілік ұйымдар мен банктер бірге жұмыс жасауы керек" - деді.

Ато Браун, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі

"Әрине, әлемде қанша мемлекет болса, сонша саясат бар. Өмір сүру деңгейі бойынша бірінің көші алға жылыса, бірі кейін қалып жатады. Жалпы Қазақстанның жағдайы жаман емес десе болады. Тек қана мұндай стратегиялық жағынан да, әлеуметтік-саяси жағынан да маңызды мемлекетті инвестицияға тартымдылығын арттыра түсу керек. Бұл үшін мемлекеттік басқарудағы кем-кетікті байқамауға болмайды"

Ал, Ранкин.кз агенттігінің пайымдауынша Астанада өмір сүру деңгейі биылғы бір жылдың ішінде күрт қымбаттап кеткен. Жыл басынан бері азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің құны өткен жылмен салыстырғанда 7,7 пайызға артқан. Ал елордалықтар күнделікті тұтынатын негізгі тауарлар болса 9,2 пайызға қымбаттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу