Қазақстан "KADEX-2018" көрмесінде броньды дөңгелекті машиналарды көрсетеді

805

 Қазақстан "KADEX-2018" көрмесінде броньды дөңгелекті машиналарды көрсетеді

Қазақстан Парамаунт Инжиниринг "KADEX-2018" көрмесінде жаңа буындағы броньды дөңгелекті машиналарды көрсетеді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС – еліміздің қорғаныс өнеркәсібі көшбасшыларының бірі алдағы "KADEX-2018" халықаралық көрмесінде жаңа буындағы броньды дөңгелекті машиналармен (БДМ) таңдандырмақ. Кәсіпорын "Барыс" броньды машинасының 6х6 және 8х8 дөңгелекті формуласындағы үлгілерін, сонымен қатар 4х4 дөңгелекті формуласындағы "Арлан" және "Алан" броневиктерін көрсетеді.

Егер "Барыс 8х8" алдыңғы "KADEX-2016" көрмесінде ресейлік "АУ-220М" жауынгерлік модуліне орналасқан 57-мм автоматты зеңбірегімен көрсетілсе, осы жылы БДМ отандық өндіруші "КАЕ" ЖШС әскери модулімен көрмеге қойылады. Екі жылдық зауыттық және көрсетілімдік сынақтардың нәтижесінде "Барыс 8х8" бірқатар конструкторлық, техникалық және тактикалық өзгерістерден өтті.

"Барыс 6х6" екі жыл бойына өткен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан кейін 82-А БТР-інің тұрақтандырылған зеңбіректік-пулеметті қару-жарағымен сәйкестендірілген жауынгерлік бөлімшесімен көрсетіледі.

Көрменің қонақтары ең танымал қазақстандық броньды машина "Арланды" әртүрлі үлгіде, мысалы: "САРП" жауынгерлік модулімен, қосарланған 7,62 мм ПКТ пулеметі орнатылған "САРП-С" жетілдірілген жауынгерлік модулімен және барлау қондырғысымен көре алады.

Кәсіпорын алғаш рет көрмеде көпмақсатқа арналған "Алан" БДМ көрсетпек. Машина әртүрлі міндетті атқаруға, мәселен: құқықтық тәртіпті сақтау, арнайы жасақ және айрықша әрекет ету тобының операциясына, ішкі қауіпсіздікке, шекараны шолғындауға және қарулы қақтығысты жоюға арналған.

Айта кету керек, қазақстандық армияны қаруландыруға қабылданған "Арлан" броньды дөңгелекті машиналары көрме кезінде техноалаңда өтетін көрсетілімдерге қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу