Седнева мен Бақбергенова әлем чемпионатында үздік үштікке кірді, деп хабарлайды Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы.
Бухаресте күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін қыздар күресінде екі балуанымыз Қазақстан қоржынын тағы екі қола медальмен толықтырды. 55 келі салмақта күрескен Марина Седнева қола медаль үшін болған белдесуде ресейлік Марина Симонянды 9:0 есебімен ойсырата ұтса, 76 келідегі Гулмарал Еркебаева да дәл осындай есеппен румыниялық Каталина Аксентені жеңіп, әлемдік жарыстың қола жүлдесіне ие болды.
Бүгін бозкілемге шыққан балуандарымыздың арасынан 72 келі салмақта ел намысын қорғаған Жәмила Бақбергенова жартылай финалда түрік балуанынан ұтылып қалды. Ертең отандасымыз Италия мен Үндістан балуандарының арасындағы жеңімпазбен қола медальді сарапқа салады.