Индустрия және даму комитеті Қазақстанның киелі нысандарының картасын əзірлеуге кірісті. Мұны индустрия және даму департаментінің басшысы Марат Иғали фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.
Карта "Қазақстанның киелі нысандары" және "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы аясында әзірленеді. Ұлттық сана негізін Ұлытау маңындағы ескерткіштер кешені, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Бекет ата мазары, Шығыс Қазақстан мазарлары, Тараздың ежелгі ескерткіштері, Жетісудің қасиетті орындары және т.б. құрауы тиіс.
"Қазіргі уақытта жұмыста отырмын. Ұсыныстарыңыз бен ойларыңыз болса, бөлісе отырыңыздар!", – деп жазды департамент директоры.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу