Дүнижежүзілік банктің бизнес жүргізудің суб-ұлттық рейтингісі жөніндегі бағдарламасының жетекшісі Миерта Капаул айтып өткендей, соңғы жылдары Қазақстан жаңа заңдарды қабылдауға келгенде елеулі нәтижелерге қол жеткізіп, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бағытында ұдайы жұмыс жүргізіп келеді, деп хабарлайды naryk.kz.
"Қазақстанға жаңадан шешімдерді ойлап табу керек емес. Республиканың басқа қалалары мен облыстарында өз тиімділігін дәлелдеген шараларды бизнесті жүргізудің оңайлығы жағынан артта қалып отырған елдімекендерге ендіру арқылы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бірыңғай заңнамалық және реттемелік база жергілікті деңгейде озық тәжірибемен бөлісуді жеңілдететіндіктен, бұл шағын және орта бизнес субъектілері үшін бизнес-климатты жақсартуға оңынан ықпал жасауы мүмкін", – деп атап өтті Миерта Капаул.
Айта кетейік, "Бизнес жүргізудің суб-ұлттық рейтингісі – 2017" есебін Дүниежүзілік банктің жаһандық көрсеткіштер жөніндегі тобы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сұратуы бойынша дайындады. Бизнес жүргізудің суб-ұлттық рейтингісі бір ел ішіндегі сан алуан елдімекендердегі нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы немесе реттеулі арасындағы айырмашылықты анықтау үшін бизнес жүргізудің жаһандық есебінде қолданылатын әдіснамаға негізделген.