Қазком салымшыларына алаңдаудың қажеті жоқ – Ұлттық банк басшысы

849

Қазком салымшыларына алаңдаудың қажеті жоқ – Ұлттық банк басшысы

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қазақстандықтарды екінші деңгейлі банктердің қаржылық ахуалына алаңдамауға шақырды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Менің ойымша, қазіргі кезде барлық екінші деңгейлі банктер ҚР Ұлттық банкі тұрғысында реттеушінің пруденциялық нормативтері мен талаптарын орындауда. Пруденциялық нормативтер – ол өзінің қызметіндегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін әрбір банк орындауға тиіс міндеттер. Бұл ретте капиталдың, өтімділіктің, сондай-ақ бір қарыз алушыға қатысты тәуекелдер көрсеткіштері ескерілген. Яғни Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер осы көрсеткіштерді түгелдей орындап келеді", – деді Ақышев Мәжілістегі жалпы отырыс барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде.

Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы "Қазком" банкіне қатысты жағдайға түсінік берді.

"Шынымен де Ұлттық банк Қазкомға 400 млрд теңге сомасында қарыз берді, алайда дүйсенбіде банк оның жартысын, яғни  200 млрд теңгесін өтегенін көбісі байқамаған секілді. Сәйкесінше, оларға бұл қаржы қажет болмады. Бүгінде ҚР Ұлттық банкі алдындағы Қазкомның қарызы 200 млрд теңгені құрап отыр", – деді ол. Д. Ақышевтің банкке жағдайға байланысты алаңдаудың реті жоқ екенін атап өтті.

"Банк бөлек операцияларды жүргізу үшін қосымша өтімділікті иелену тұрғысында қолдау шараларына жүгінді. Мен қазіргі кезде Қазком қызметін оңтайлы бағалаймын. Сондықтан салымшыларға банк үшін алаңдаудың реті жоқ", – деп атап өтті Ақышев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу